Екібастұзда электр жарығы үшін қарызы бар зейнеткер шекарада ұсталды
Ер адам коммуналдық қызметтер үшін ақша төлемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бақылау-өткізу пунктінің командирі көрші мемлекетпен шекарада құжаттарды тексеру кезінде «Урал» маркалы автокөліктің жүргізушісіне назар аударды. Мемлекетаралық іздеуде жүрген адамдардың базасын тексергенде борышкер ретінде іздеуде жүрген ер адам тұрғанына көз жеткізді.
– «Екібастұзэнерго» ЖШС өндіріп алушысы коммуналдық қызметтерді төлемегені үшін 2020 жылдан бастап борышкерге талап-арыз берген, алайда 65 жастағы ер адам төлеуден бас тартып, кейін мүлдем жасырынған. Үш айдан кейін ер адам халықаралық іздеуде деп жарияланды, – деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Борышкер Қазақстан азаматтығын Ресей Федерациясының азаматтығына ауыстырған, бірақ азаматтығынан айырылғанын тіркеу бойынша шара қолданбаған. Бұл әрекеті үшін оның ағымдағы қарыздарына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қосылды.
Халықаралық ынтымақтастық аясында қараша айында Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресейдің Федералды іздеуінде жүрген қылмыскерді анықтап, ұстады, оны жедел уәкілдер отанына экстрадициялады.