Павлодарда шертпелі және үрмелі аспаптарда ойнау техникасы көрсетіледі
Көне аспаптарды балаларға көрсету Ұлттық аспаптар күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана әр айдың 15-і тақырыптық шаралар өткізеді. Жыл басынан бері әлем халықтарының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, аспаздық, ертегілер, ойындар туралы оқырмандар назарына ұсынылып келеді.
15 тамыз Ұлттық аспаптар күні болып жарияланады. Бұл күні сағат 11:00-де С.Баязитов атындағы балалар кітапханасында «Ұлттық аспаптар – ұлттың үні» атты тәрбие сағаты өтеді. Шараның басты қонағы – облысқа белгілі домбырашы, сыбызғышы, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртісі, Павлодар музыкалық колледжінің оқытушысы Ұғыбайдолла Мүфтән.
Спикер ұлттық аспаптар, олардың шығу тарихы туралы айтып, шертпелі және үрмелі аспаптарда ойнау техникасын көрсетеді.