Павлодарда кішкентай суретшілердің туындылары билбордтарға қойылады
Олар «Менің сүйікті үй жануарым» сурет байқауында топ жарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі мәлімдеді.
- Сурет байқауына 4-12 жас аралығындағы балалардан 700-ден астам жұмыс қабылданды. Ең жас суретшілердің қатарынан яғни 4 - 6 жас санатында Элиза Рудица мен Ажар Жексембай топ жарды. Ал 7-9 жас санатында Карина Криммель мен Ажар Лайыхқызы үздік атанды. Сонымен қатар, ересек балалар арасында 10-12 жас санатында Вера Головчук пен Айару Бакен жеңімпаз болды, - делінген хабарламада.
Үздік атанған алтаудың жұмыстары кезекпен жыл бойы қаланың билбордтарында орналастырылатын болады.
Бұдан бөлек, ерекше шығармашылық көрінісі үшін Бочпаева Элиса, Зейноллина Аделина, Тайжуманова Диара, Гарилёва Анастасия, Ферзаули Ясмин, Каныгина Анастасия арнайы дипломдармен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram