Павлодарда спорт пен оқуды ұштастыратын заманауи орталық пайда болды
Жасөспірімдер оған жекелей де, мемлекеттік бағдарлама арқылы да бара алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сарыарқа» шағын ауданында «Алаш» оқу-спорт орталығы ашылды.
– 150 жасөспірім тек спортпен шұғылдануға ғана емес, қосымша білім алуға да мүмкіндік алды. Ойын алаңы, футзал, дзюдо, күрес залдары, гимнастика, хореография, 2 балалар бассейні, оқу кабинеттері бар жалпы ауданы 2 мың 300 шаршы метр болатын жаңа спорт орталығын жеке инвестор ашты, – дейді баспасөз орталығында.
Балалар оған жекелей де, жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында спорттық және шығармашылық тапсырыстың мемлекеттік бағдарламасы бойынша да бара алады.
Облыс әкімі Асайын Байханов мекемеге барып, оның жұмысымен танысып, жас тәрбиеленушілерге спортта жоғары жетістіктер мен жеңістер тіледі.
– Өскелең ұрпақ үшін игілікті іс. Біз өз тарапымыздан спортпен шұғылдануға, оның қолжетімділігі мен жаппай болуына қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз. Биыл 11 жаңа спорт нысаны, 100-ден астам спорт алаңы салынады, – деді облыс әкімі.
Спорт нысаны заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған күзет жүйесімен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram