Баянауыл жағажайларында шомылу ережесін бұзғандар жазаланды

Баянауыл жағажайларында шомылу ережесін бұзғандар жазаланды
Фото: Константин Шелков

Демалыс аймақтарында рейд өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Баянауыл ауданындағы Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл көлдерінде профилактикалық рейд өткізді.

Жазғы маусымның басталуымен өңір тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі Павлодар облысының інжу-маржаны саналатын Баянауыл ауданына демалуға барады. Алайда табиғат аясындағы демалыс кезінде, әсіресе судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпау қажет.

Құтқарушылар демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын еске салып, азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Рейд барысында су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігі қағидаларын бұзудың 5 факті анықталды.  Онда 2 жағдайда шағын көлемді су көлігінде құтқару кеудешесінсіз жүру, 2 жағдайда шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу және қауіпсіз шомылу аймағының шекарасын белгілейтін қалқымалардан асып жүзу фактісі тіркелді. Анықталған барлық құқықбұзушылықтарға ҚР ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Павлодар облысы ТЖД тек рұқсат етілген орындарда шомылуды, қалқымалардан асып жүзбеуді, шағын көлемді су көліктерінде болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киюді және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауды ескертеді.