Павлодарда облыстық веложарыс өтеді

Павлодарда облыстық веложарыс өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шара велоспортты насихаттауға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

29 қыркүйекте сағат 9:00-де Усолка көшесі, 2а мекенжайындағы «Ертіс» шаңғы базасы облыс тұрғындары арасында веложарыс ұйымдастырылады. Спорттық шара «New Vision Team» қоғамдық қорының бастамасымен жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін дамыту, велоспортты насихаттау және тұрғындарды велоспортқа тарту мақсатында өткізіледі.

Шара аясында жобаға қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауы тиіс. Барлық қатысушылар естелік медальдармен және командалық дипломдармен марапатталады.

Старт нөмірді алу үшін жеке сауалнама толтырып, nvt_kz@mail.kz электрондық поштаға жолдау керек. Қосымша ақпаратты 8 705 190-21-10 нөмірі арқылы алуға болады.