Ертіс ауданында көкпарда шабандоздар тартысты ойын көрсетті

Ертіс ауданында көкпарда шабандоздар тартысты ойын көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бес ауылдың командалары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ертіс ауданының Сілеті ауылында ұлттық спорт түрлері — көкпар мен аударыспақ қарқынды дамып келеді. Жас та болса, жігерлі Сілеті құрама командасы облыс деңгейінде аударыспақтан екі жыл қатарынан чемпион атанып, ауылдың мерейін үстем етті.

– Наурыз мерекесіне орай өткен ұлттық спорт күні ерекше тартысты өтті. Көкпардан ұйымдастырылған турнирде 5 команда бақ сынасып, нағыз ерлік пен намысты көрсетті. Нәтижесінде үшінші орынға Қызылағаш ауылының құрама командасы, екінші орынға Сілеті ауылының құрама командасы, ал бірінші орынға Құлыкөл ауылының құрама командасы ие болды, – Ертіс ауданының мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлдана Сарсембенова.  

Сілеті құрама командасының бас бапкері Мейрамбек Қалиев ауыл жастарының белсенділігі мен ұлттық спортқа деген қызығушылығы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен командаға арнайы спорттық форма мен жаттығу құралдары сатып алынғанын жеткізді.