«ERTIS AULA FEST»: павлодарлықтар аула футболы турнирінің финалында жүздеседі

«ERTIS AULA FEST»: павлодарлықтар аула футболы турнирінің финалында жүздеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара облыс орталығындағы «Жұлдыз» стадионында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласында аула футболынан өткен «Ertis Aula Fest» турнирінің финалдық матчы өтеді. Жарыстың шешуші кезеңінде командалар турнир чемпионы атағы үшін алаңға шығады.

Финал 19 тамызда сағат 15:00-де «Жұлдыз» стадионында ұйымдастырылады.

— Турнир барысында командалар тартысты кездесулер өткізіп, финалға дейінгі жолдан сүрінбей өтті. Енді шешуші матчта жарыстың жеңімпазы анықталады. Финалдық ойын барысында футбол жанкүйерлерін тартысты матч, жарқын эмоциялар және командаларға қолдау көрсету мүмкіндігі күтеді. Ойын аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шара Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің, Павлодар қаласы әкімдігінің және қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткізілуде.

Айта кетелік, «Ertis Aula Fest» турнирі «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында қолға алынған.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен футбол жанкүйерлерін финалға келіп, командаларға қолдау көрсетуге шақырады.