Павлодарлық мемлекеттік қызметшілер қоңырауға қалай жауап беру керек?
@Pavlodarnews.kz тілшісі әдістемелік нұсқауда көрсетілген ережелерді жинап, зерттеді.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерімен телефон әдебін сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдармен бөлісті.
– Егер сіз сыртқы қоңырауға жауап беру кезінде телефон тұтқасын алсаңыз, телефонды көтергеннен кейін қоңырау шалған адаммен бірден сәлемдесіңіз. Сыртқы қоңырауларды қабылдау кезінде «минимум» және «максимум» деп аталатын екі тәсіл қолданылады. Алғашқысында сәлемдескеннен кейін ұйымның атауы, ал екінші тәсілде соңында телефон тұтқасын көтерген адамның есімі айтылады,– деді департаментте.
Кіріс қоңырауларына 2-3 қоңыраудан кейін жауап беруге кеңес беріледі. Бұл телефон операторларын, компаниялардың хатшыларын, «жедел желі» қызметкерлерін және басқа да «телефон» қызметкерлерін дайындайтын заңдардың бірі.
– Сіз бірінші қоңыраудан кейін телефон тұтқасын көтерсеңіз, онда қоңырау шалған адам біз ештеңе істемей жүрген және біз біреудің қоңырау шалуын жалығып күткен сияқты әсер қалдырады,– деп атап өтті департаментте. – Өзіңізді таныстырғаннан кейін, дереу іске кіріспеңіз, алдымен әңгімелесуші сізбен сөйлесе алуға уақыты бар ма екенін сұраңыз.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге телефонмен сөйлескен кезде күлімсіреп, жігер мен ынтаға толы болуға кеңес беріледі, себебі күлімсіреу мен оң көзқарас интонацияда естіледі.