Павлодарда Омбы тас жолына шығатын көшелердің бірі жабылады

Павлодарда Омбы тас жолына шығатын көшелердің бірі жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әкімдік жүргізушілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Химқалашық жол өткелінің шығыс жағын жамау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  Олжабай батыр көшесінен Омбы тас жолына шығатын жол учаскесіне дейін көліктердің қозғалысы шектеледі. Аталған аймақ 19 қаңтарда кешкі сағат 20:00-ден 20 қаңтар сағат 9:00-ге дейін уақытша жабылады.  

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындардан бағытты алдын ала жоспарлауды ұсынады.