Павлодарда онкологияға шалдыққан адамдар қандай көмекке жүгіне алады

Әлеуметтік төлемдерге құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне сәйкес онкологиялық ауруы бар адамдарға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.
Бұл көмекті алу үшін онкологиялық диспансерден анықтама және банктік шоттың болуы туралы хабарламаны ұсыну қажет:
Өтінішті Egov.kz портал арқылы электрондық форматта немесе Кривенко көшесі, 25 мекенжайында орналасқан «Open Pavlodar» фронт-офисі № 3 үстеліне жақында, қағаз нұсқасында беруге болады.