11 ақпанда Павлодар облысында боран болады

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, боран болады. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде -7...-12, облыстың батысында -15, күндіз 0...-5 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жолдарда көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -10...-12, күндіз -1...-3 градус көрсетеді.