Павлодар ауданында туляремия сегіз жыл бұрын тіркелген
Соңғы рет аталған ауру 2016 жылы Павлодар ауданының ауылдық аймағында анықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзагүл Досжанова мәлім етті.
– Павлодар облысы туляремия бойынша жұқтыру қаупі жоғары аймақ болып табылады. Басым бөлігін Ертіс алқабындағы батпақ ошағы алып жатыр. Туляремияның негізгі қозғаушысы – су тышқаны. Ондатр, орман және үй тышқандары, сібір қызыл тышқаны, табиғи ошақтардағы басқа да кеміргіштер мен кенелер ауруды таратады, – дейді Зәмзагүл Досжанова.
Маманның айтуынша, негізгі таратушылар иксод кенелері болып табылады. Аурудың алдын алу үшін екпе салынады. Зоологиялық топ елді мекендерге шығып, зерттеу жүргізеді. Кеміргіштердің саны бойынша қоздырғыштардың айналымы бақыланады.
– Облыста соңғы рет туляремияны жұқтыру дерегі 2016 жылы Павлодар ауданының ауылдық аймағында тіркелген. Аталған дертпен төрт адам ауырған. Барлық жағдайда адамдар шаруа қожалықтарында көкөністер жинауға қатысқан. Оларды жәндіктер шағып, кеміргіштермен байланыста болған, – дейді Зәмзагүл Досжанова.
Айта кетейік, дертті алдын алудың ең тиімді әдісі туляремияның табиғи ошақтарында тұратын халықты туляремияға қарсы вакцинациялау болып табылады.