Павлодар облысында жол апатында жолаушы қаза тауып, екі адам жарақат алды
Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қарашада Павлодар ауданы Жертұмсық ауылының маңындағы Павлодар - Семей автожолының 20 шақырымында «LADA Granta» маркалы автомашинаның жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, «ЗИЛ-130В» автокөлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA Granta» автокөлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, автокөлік жүргізушісі мен екінші жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, — дейді департаментте.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.