Павлодарлық Қазақстан футболының үздігі атанды
Оның ойыны «Қайратқа» қарсы матчта маңызды ұпайға қол жеткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар футбол мектебінің түлегі Никита Калмыков өнер көрсететін астаналық «Жеңіс» Премьер-лиганың 14-турында оңтүстік астанада жергілікті грандқа қарсы тұрды.
«Қайрат» бірден қарсылас қақпашысы Никита Калмыковті нысанаға ала бастады. Павлодарлық голкипер Элдер Сантана, Лев Кургин мен Жоау Паулоның қауіпті соққыларын қайтарумен болды. Алайда, екінші тайм басында бразилиялық легионер қақпашымен көзбе-көз шығып, оны қапыда қалдырды. 72-минутта алматылықтар бұл матчтағы барлық мәселені шешуге жақын қалды. Бірақ Офри Арадтың баспен соққан добын Никита Калмыков тамаша секіріспен қағып жіберді.
Сәлден соң астаналық бразилиялық Адилио Корреиа дос Сантос Лука Гадраниді оң қанатта алдап соғып, бос тұрған Лукас Будинскийге доп тастады. Соңғысы күшті соққы бағыттап есепті теңестірді – 1:1.
Осылайша, аутсайдер чемпионаттағы аса маңызды ұпайға қол жеткізді. Кәсіпқой футбол лигасы «Жетісу» ойыншысы Виктор Брага мен «Қайсар» футболшысы Горан Милойкомен бір қатарда Никита Калмыковты 14-турдың үздік ойыншысы ретінде таныды.