Павлодарлық футболшылар жанкүйерлерін ренжітті
«Ертіс» өз алаңында Семейдің «Елімай» жастарын қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ойын бастала салысымен Сергей Якушиннің шәкірттері алаң иелері ретінде шабуылға шықты. Алайда қарсылас қақпасына бірнеше рет сәтсіз шабуылдан кейін павлодарлықтардың гол салуға деген ынтасы тез сейілді.
Семейлік жастар допқа иелік етті. Бастапқыда тартыншақтап ойнаған елімайлықтар бірте-бірте басымдылық көрсете бастады. Ал павлодарлық футболшылар абайлықтарға төтеп бере алған жоқ.
Нәтижесінде Виктор Крюковтың қателігінен кейін қарсыластар капитаны Қуаныш Шаймарданов допты алып, қақпаның алыс бұрышына сәтті теуіп, есеп ашты. Есеп – 1:0. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.
Семейліктер үзілістен кейін павлодарлықтардың күткеніне қарамастан, тағы да көзге түсті. Біраз уақыттан кейін «Елімай» тағы да гол соғып, одан кейін қақпаға тағы бірнеше рет соғу мүмкіндігін алды. Қақпашы Қанат Баязит бұл жолы допты қақпаға асырған жоқ.
Қосалқы құраммен алаңға шыққан Алмас Әбдуалиев пен Руслан Есімов ойынды жандандыра білді, матч бойы Артем Попов пен Тимур Байжанов тартысты. Ал қалған ойыншылар абайлық командадан сескеніп қалған көрінеді.
Ақырында Руслан Есімов бір гол соқты, алайда ертістіктер бұдан артық нәтиже көрсете алмады – 1:3.