Павлодарда тергеу изоляторына телефон кіргізбек болғандардың ісі әшекер болды
Олар екі телефонды тәтті рулеттің ішіне және құрманың қорабына салып, ішке кіргізуді көздеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Polisia ақпараттық медиа-парталына сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД №63 мекемесінің тексеру тобының қызметкерлері азық-түлік ішінен беруге тыйым салынған заттарды тапты. Кондитерлік орамда және құрма қорабында SIM карталары бар екі ұялы телефон, сондай-ақ Wi-Fi құрылғысы табылды.
Сәлемдеме аса ірі мөлшерде мал ұрлағаны үшін тергеу-қамауға алынған адамға арналған.
- Келушілер сотталғандарға қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған, тізімге кірмейтін заттарды беруге тырыспайды. Алайда арасында құйтырқы іске баратындар кездеседі. Бірақ мекеме қызметкерлерінің кәсібилігі, тәжірибесі мен үйлесімділігінің арқасында тыйым салынған заттар сотталушыларға жетпейді, - деді мекеме бастығы Берік Рахимов.
Осы факт бойынша заңды бұзған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Материалдар сотқа жіберу үшін дайындалуда.