Павлодар - Қызылорда жолында жайылған ірі қаралардың иесі жазаланды

Павлодар - Қызылорда жолында жайылған ірі қаралардың иесі жазаланды
Фото: Константин Шелков

Өңірде 146 айып тұрағы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Екібастұз өңірінде 215 бас бақылаусыз жайылып жүрген мал айып тұрағына қамалды. Жыл басынан бері қалада еркін жайылымда жүрген малдың 91 иесі жауапқа тартылды. 

– Шілденің 10-ы күні Солнечный кентінде ауыл тұрғыны 9 жылқыны еркін жайылымға шығарған. Мал иесіне айыппұл салынды. Осындай жағдайлардың бірі Павлодар - Қызылорда жолының бойындағы Шідерті кентінде орын алды. Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде 26 бас ірі қараны байқап, иесіне әкімшілік хаттама толтырды, – дейді  департаментте. 

Бүгінгі таңда  өңірде барлығы жұмыс істейтін 146 айып тұрағына 8546 бас мал қамалған. Жыл басынан бері полицейлер жайылым ережесін бұзудың 639 фактісінің анықтады. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, трассаның тыйым салынған жерінен мал өткізгені үшін 10 тұрғын жазаланды.