15 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

Күндіз жел күшейеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығып, күндіз қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.
Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 4-6 градус салқын, күндіз 1-3 градус жылы болады.