Павлодарда жас шаштараздар мен тігіншілер байқауы өтеді

Павлодарда жас шаштараздар мен тігіншілер байқауы өтеді
Фото: pexels.com

Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтарды иеленеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

29 наурыз күні сағат 10:00-де қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің базасында Павлодар облысында WorldSkills 2024 жылғы өңірлік чемпионаты шеңберінде «Сән технологиясы» және «Шаштараз өнері» құзыреттіліктері бойынша Juniorskills өткізіледі. Чемпионатқа облыс мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысады.

– Байқау Juniorskills жасөспірімдер қозғалысы аясында өткізіледі. Қозғалысқа қатыса отырып, жасөспірімдер қазақстандық және әлемдік WorldSkills қозғалысының бір бөлігі болып қана қоймай, кәсіби мансапты қалыптастыруға және таңдауға алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік алады, бұл мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді, – дейді колледждің баспасөз қызметі.

Барлық байқауға қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Байқаудың облыстық кезеңінің «Сән технологиясы» құзыреті бойынша 1 орын иегеріне «CHAYKA 210» тігін машинасы сыйға беріледі.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша практикалық тапсырма шеңберінде алжапқышты тігу сапасы мен уақытына дайындау қарастырылған. Қазылар алқасы модель формасы, құрылысы және тігу сапасы сияқты ерекшеліктерді бағалайды. Іс-шараның басты демеушісі Халық банкі болады. «Шаштараз өнері» құзыреті аясында кешкі шаш үлгісін жасау жоспарлануда, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, 4 сәуір күні «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, облыстың мамандандырылған мектептерінің оқушыларына «Жасөспірімдер чемпионаты – Abilympics JuniorSkills» облыстық кәсіби байқауы өткізіледі.

Байқау арнайы білім беру ұйымдарының 9-10-сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Барлық байқауға қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Конкурстың облыстық кезеңінің 1 орын иегеріне тігін машинасы беріліп, 2 және 3 орын иегерлері кәсіпорындар дайындап қойған арнайы сыйлықтарды иеленеді, – делінген хабарламада.

Конкурстық тапсырма 90 минут ішінде төсек жайма тігу болады. 

Қазіргі уақытта колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 28 бала, оның ішінде есту қабілеті нашар 10 бала оқиды. Түлектер қаланың түрлі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына жұмысқа орналасады. Соның бірі – «Казпрофбезопасность» ЖШС. Қазіргі уақытта онда 8 адам жұмыс істейді, – дейді колледж әкімшілігі.

Сондай-ақ, колледж түлегі Айжан Татенова (есту бойынша мүгедек) 2023 жылғы 20-26 наурыз аралығында Францияның Мец қаласында өткен «Abilympics 2023» халықаралық байқауында біздің облыстан алғаш рет «Abilympics Qazaqstan» құрамасы құрамында еліміздің намысын қорғады. Өндірістік оқыту шебері Зухра Құдиярбекова осы байқаудың сарапшысы ретінде қатысты.

Жарыстың өтетін орны: Ломов көшесі, 180/7.