Павлодарда жас зияткерлер биология пәнінен білімдерін саралады
42 жалпы білім беретін мектебінің 7-8-сынып оқушыларының арасында «Биоэрудит» зияткерлік турнирі өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім додасына 84 биология білгірі қатысты. Байқаудың мақсаты – экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Турнирді білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастырды. Оқушылар екі турға қатысты – биология пәні бойынша тестілеу, тапсырмаларға ауызша жауап беру: «Блиц ойын» – сұрақтарға жауаптар, «Мені біл» – суреттермен жұмыс, «Бейнеролик бойынша сұрақ» – бейнеролик бойынша жануарлардың түрін анықтау.
– Интеллектуалды ойын биология пәні бойынша білімді тексеруге, шығармашылық жұмысқа қызығушылықты арттыруға, мектептің, қаланың түрлі экологиялық іс-шараларына қатысуға ықпал етті, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы бойынша 28 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орынды – 6 оқушы, ІІ орынды – 10, ІІІ орынды 12 оқушы иеленді.
І орынды А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Інжу Ғалымқызы, М. Әуезов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Жадыра Абдурахимова, 8-сынып оқушысы Аружан Сиражиденова, 8-сынып оқушысы Глафира Малыгина, № 35 ЖОМ 7-сынып оқушысы Айару Асылбек, 8-сынып оқушысы Әділет Шиафиден иеленді.
II орынды А. Байтұрсынұлы атындағы, № 5, 25, 29, 30 мектеп оқушылары, ІІІ орынды Малайсары батыр атындағы № 7, 17, 18, 36, 41 мектеп оқушылары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.