15 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Дүйсенбі күні жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр күтіледі.
Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.