Баянауылдық оқушылар PISA халықаралық зерттеуіне дайындықты арттыруда

Баянауылдық оқушылар PISA халықаралық зерттеуіне дайындықты арттыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл олардың жетістікке жетуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, басқарма басшысы Самал Айтқазина Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарының басшыларымен, білім бөлімі мамандары және әдіскерлермен кездесу өткізді.

Іс-сапар барысында білім саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды тапсырмалар жүктелді.

–  Атап айтқанда, оқушылардың білім деңгейін анықтайтын PISA халықаралық зерттеуіне дайындықты күшейту, пәндік олимпиадалар мен МОДО-ға дайындық жұмысының сапасын жақсарту мәселелері көтерілді, – деді басқармада.

Сонымен қатар, жиында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту қажеттілігі айтылып, білім беру ұйымдарында осы бағыттағы шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру тапсырылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту да негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіленді.

Кездесу қорытындысында білім сапасын жетілдіру, қауіпсіздік шараларын нығайту және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытында бірқатар нақты міндеттер қойылды.