Екібастұз ауылдық аймағында мектеп пен қазандықтың шатыры ұшып кетті
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні қатты желдің салдарынан Бозшакөл ауылында Бозшакөл орта мектебінің 100 шаршы метр төбесі ұшып кетті.
Сондай-ақ орталық қазандықтың да 100 шаршы метр төбесі табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмады.
Желдің жылдамдығы 17 м/с дейін құрады.
Еске сала кетейік, 19 маусым күні қатты дауыл салдарынан Астана - Ерейментау - Шідерті тас жолында көшедегі сыртқы жарықтандырудың алты бағаны құлаған. Электр қуаты өшіріліп, бағандар жолдың жиегіне шығарылды.