Бекітіп үлгермедік: Павлодарда шатыры ұшқан сауда үйі жағдайды түсіндірді
Кеше шатыры желге шыдас бермей, опырылып түскен «Артур-1» сауда үйінің басшылығы төтенше жағдайға түсінік берді,, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
- Малайсары батыр көшесінде орналасқан «Артур-1» сауда үйінде шатыр жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бекітуге мүмкіндік болмады, үлгермедік. Оны қатты жел ұшырып түсірді. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендерден кешірім сұраймыз, - деп жазды сауда орталығының әкімшілігі Instagram парақшасында.
Оқыс оқиға бүгін түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түсіп, 13 автокөлік бүлінсе, опырылған шатырдың астында қалған екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатты.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ - 300 шаршы метр.