Павлодарда жол апатында төрт адам зардап шекті

Павлодарда жол апатында төрт адам зардап шекті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев - Ак. Шөкин көшелерінде орын алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шөкин көшесі – Назарбаев даңғылы қиылысында «Chevrolet Cobalt»   және «LADA Granta» маркалы көліктері соқтығысқан. 

–  Салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы және «Chevrolet Cobalt» көлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды, – деді департаментте. 

Жедел жәрдем станциясында шақырту сағат 00:16-де түскенін хабарлады. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына алты минутта жеткен. 

1980, 1990 жылдары туған екі ер адам мен 2002 жылғы екі жігіт  зардап шеккен. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен №1 ауруханаға жатқызылған.