Павлодарда дәмхананың төбесі жанды (ВИДЕО)

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуірде кешке «101» пультіне «Терраса» дәмханасының төбесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
— Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері дәмхананың кірпіштен салынған қосалқы құрылысында шатырдың ағаш конструкциялары жанып тұрғанын анықтады. Жалын бес шаршы метрді шарпыды, — деді департаментте.
Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Тілсіз жау 24 минутта толығымен сөндірілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram