Павлодарда жоғалып кеткен оқушы табылды

Павлодарда жоғалып кеткен оқушы табылды
Фото: VITA» еріктілер жасағының парақшасынан

2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды, – деп жазды «VITA» еріктілері. 

Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын. 8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23.00 шамасында  жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды. Анасының айтуынша, бұрын да үйден кетіп жүрген.