Павлодарда сотталушылар аязда үсіп қалмау үшін иттерге үйшіктер жасады
ҚАЖ қызметкерлері иттерге арналған үйшіктер әкелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерікті Елена Болотина мекеме қызметкерлерінен Ақсу қаласының жануарлар мекемесінде орналасқан иттерге арналған үйшіктер жасауды сұраған. Оның қамқорлығында бүгінде 72 ит пен 34 күшік бар.
– Олардың кейбіреуін тастап кеткен, кейбіреуін өзіміз алып келдік. Барлығы күтімді қажет етеді. Біздің баспана мейірімді азаматтардың есебінен жұмыс істейді және біз ҚАЖ қызметкерлеріне өтінішімізге жауап бергендері үшін ризамыз, – дейді Елена Болотина.
Ведомствода еріктінің өтініші №45 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жеткізілгенін айтады. Ол жерде көмектесуге ниет білдірген сотталушылар мекеменің өндірістік аймағында қолда бар материалдардан үйшіктер жасаған.
– Қатты аяз қарсаңында баспанаға көмектесуді ұйғардық. Олар үшін жазаларын өтеу кезінде өз пайдаларын тигізе алатындығы жандарына жылу береді, – дейді № 45 мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Тойғанбаев.
Сотталғандар иттерге арналған екі үйшік жасаған.