Павлодарда үйлердің абаттандыру жұмысы тексерілді
Ержан Иманзайыпов жұмыс сапарымен қаланың бірнеше нысанын аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімі Ержан Иманзайыпов Омбы тас жолына барып, жұмыстардың ретімен танысты. Онда асфальт жабыны мен қоршаулар ауыстырылуда. Мердігер «АЗА» ЖШС жолдың шығыс жағын аяқтап, кейін батыс жағына өтеді. Жұмыстың аяқталу мерзімі – 20 тамыз.
– Жолдың жабыны тозған, жөндеуді қажет етеді. Көлік көп жүретіндіктен қауіпсіздік шаралары мен жол қозғалысы ережелерін сақтау маңызды, – деп жазды қала әкімі өзінің жеке парақшасында.
Ержан Иманзайыповқа бірнеше апта бұрын Қайырбаев көшесі 98-104 үйлердің тұрғындары ауланы абаттандыру үшін өтініш білдірген еді.
– Ұсыныстар ескеріліп, бірлескен эскиз жасалды. Оған автотұраққа асфальт төсеу, бордюр орнату, ағаштарды кесу, тротуар мен үйдің артына жаңа жол салу, стритворкаут алаңы, самокатқа арналған алаң және т.б. кірді. Бүгінде жұмыс қызу жүріп жатыр,– деді шаһар басшысы.
Сондай-ақ, әкімнің direct-не Назарбаев, 44 тұрғындарынан автотұрақ ұйымдастыру жайлы өтініш түсті. Қазіргі кезде жұмыс аяқталды. Тұрғындар ескі орындықтарды ауыстырып, құм әкелуді өтінді. ТҮКШ бөліміне тиісті тапсырма берілді.
– Жібек жолы көшесі бойындағы теміржол өткелдеріне қатысты соңғы уақытта шағымдар көбейген. Мұнда бұрын-соңды болмаған бетонды арқау төселіп, одан кейін асфальтталады, –деді Ержан Иманзайыпов.
Оның сөзінше, жол жабындысының өзін ресайклинг әдісімен жаңарту алдағы дүйсенбіден басталады (Ломов көшесінен Малайсары батыр көшесіне дейін).
Ержан Иманзайыпов қаланы абаттандыру жұмыстарын күшейту қажеттілігін атап өтті. Қала әкімі осындай жұмыс сапарларды тұрақты түрде жүргізетін болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram