Маусым айында Павлодардан Алакөлге дейін тіркеме вагондар жүре бастайды

Маусым айында Павлодардан Алакөлге дейін тіркеме вагондар жүре бастайды
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Енді осы бағытта пойыздар жиі баратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жазғы демалыс кезінде «Қазақстан темір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алакөл көліне қосымша 11 теміржол бағытын іске қосады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

2025 жылдың маусымынан қыркүйекке дейін үш «Тальго» пойызы және бес стандартты пойыз іске қосылады. Сондай-ақ, тағы үш пойызға тіркеме вагондары қосылмақ, оның ішінде екі күнде бір рет жүретін «Павлодар-Достық» пойызы да бар.

Билеттерді саяхаттан 45 күн бұрын bilet.railways.kz ресми сайтында немесе вокзалдардың кассаларынан сатып алуға болатынын ескертеміз.