Павлодарда әртүрлі жекпе-жектер жауынгерлері джиу-джитсудан күш сынасты
«Батыр» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік джиу-джитсудан жасөспірмдер, жастар мен ересектер арасындағы облыстың іріктеу чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарыстың бас төрешісі Дәулет Әлжанов айтып өткендей, екі күн ішінде облыстың 100-ге тарта спортшысы облыстың джиу-джитсу құрамасы сапында Қазақстан чемпионаты мен Кубогінде өнер көрсету үшін тартысты.
- Жарыс ережелерінің ерекшеліктеріне қарамай, турнирге джиу-джитсу спортшыларынан бөлек, дзюдо, самбо, грэпплинг және ММА жауынгерлері қатысты, - деді ол.
Бірінші күні комбат дзю-дзюцу бойынша екі нұсқада: «full-contact» (толық контакт) және «close-contact» (қоян-қолтық ұрыс) жалғасты. Екінші күні турнир «fighting-system» (спорттық ұрыс) және «newaza-system» (жатып ұрысу) джиу-джитсу ережелері бойынша өтті.
Өз жас санатында Әлихан Ерлан Алихан Ерлан (ДЮСШ «Батыр»), Кенжебек Әзілбеков (СШ «Жауынгер»), Айбек Арыстамханов (СК «Бірлік»), Ибрахим Ермұрат (СК «AQ JUREK») және Евгений Ярков (СК «Ground and Pound») жеңіске жетті.