Ақтоғай ауданының спортшылары республикалық жарыстан жүлдемен оралды

Ақтоғай ауданының спортшылары республикалық жарыстан жүлдемен оралды

Бұл жарысқа шет елден келгендер де бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында Джун Ри Таэквондо спорт түрінен ашық Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды.Аталмыш додада Астана қаласының командалары, Алматы қаласынынң төрт командасы, тараздық спортшылар, қызғызстандық спортшылар және Ақтоғай ауданы спортшылары жиналды.  

Павлодар өңірінің намысын қорғап барған 5 спортшы да жүлдесіз қайтқан жоқ. Оның төртеуі Барлыбай ауылынан болса, біреуі - Ақжол ауылдық окуругінен. 

Жарыс нәтижесі бойынша, Айбибі Сембі бірінше орынды қанжығаласа, Анель Мұхтарова мен Ералы Абылхасан өз деңгейлерінде күміс жүлде алды. Ал Інжу Сембі мен Артур Виктор үшінші орынға табан тіреді. Жарыстың «Contact sparing» бөлімі бойынша Айбибі Сембі мен Анель Мұхтарова үшінші орынды иеленді.