7 ақпанда Павлодар облысында қар жауады
Күн бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз аздаған қар жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 10-12 градус аяз болады.
Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді. Жаяу бұрқасын мен қар күтіледі.
Фото: Константин Шелков