Павлодарлық жас спортшы қоян-қолтық жекпе-жектен жүлдемен оралды

Павлодарлық жас спортшы қоян-қолтық жекпе-жектен жүлдемен оралды
Фото: білім басқармасынан

Дода Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай қаласында өткен облыстық жекпе-жек фестивалінде аймақ намысын Мерай Қонысбек қорғады. Ол - Павлодар қаласындағы №17 мектептің 5-сынып оқушысы.  Мерай аталмыш сайыста қоян-қолтық жекпе-жектен 10-11 жас аралығындағы қатысушылар арасында 48 келі салмақ дәрежесінде I орынды қанжығалады.  

- Мерай Павлодар қаласындағы JAS URPAQ FIGHT CLUB клубында қоян-қолтық жекпе-жектің үш дүркін чемпионы және аралас жекпе-жектен NOMAD MMA спорт шебері. Оның жаттықтырушы Мереке Менкинде жекпе-жекпен айналысады, - делінген хабарламада.

Жас спортшы қоян-қолтық жекпе-жектен және аралас жекпе-жектен NOMAD MMA халықаралық, республикалық және облыстық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. NOMAD MMA бойынша Павлодар облысы құрамасының мүшесі. 

Бұдан бөлек, Мерай 2022 жылы Астанада өткен Азия ойындарының, 2023 жыл Қарағандыда ұйымдастырылған әлем кубогының, аралас жекпе-жектен 2022, 2023 жылдардағы Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылы Павлодар облысында өткен қоян-қолтық жекпе-жектің, 2023 жылы Хромтау қаласындағы қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық турнирдің чемпионы.