Павлодарда тозығы жеткен оннан астам жеделсаты ауыстырылады

Павлодарда тозығы жеткен оннан астам жеделсаты ауыстырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінде облыс орталығында жеделсаты жабдығының тозуы 72% -ды құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 2023 жылы ескі жеделсатыларды ауыстыру жұмыстары жүргізілмеген. Биыл 11 мекенжай бойынша 13 жеделсаты кабинасы жаңартылады. Ақпанда Ак.Шөкин көшесі, 100 және Назарбаев даңғылы, 52 мекенжайындағы үйлерге екі жаңа лифт жеткізіліп, орнатылады. Тағы тоғыз лифт келесі мекенжайлар бойынша жаңартылады:

  • Набережная көшесі, 11-үй (1 подъезд);
  • Набережная көшесі, 9-үй (2, 3 подъезд);
  • Торайғыров көшесі, 28-үй (3 подъезд);
  • Ак. Шөкин көшесі, 87-үй (3 подъезд);
  • Н. Назарбаев даңғылы, 42-үй (10 подъезд);
  • Малайсары батыр көшесі, 39-үй (3 подъезд);
  • Малайсары батыр көшесі, 21-үй (3 подъезд);
  • Қамзин көшесі, 80-үй (4 подъезд).

Айта кетелік, көпқабатты тұрғын үйлердегі жедел сатыны ауыстыру «2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде жүргізіледі.