Павлодардың солтүстігі электр энергиясыз қалды

Павлодардың  солтүстігі электр энергиясыз қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр энергиясының ажыратылу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПавлодарЭнерго» АҚ мәліметінше, сағат 14:03-те қалалық электр желілері кәсіпорнының диспетчерлік қызметіне  «Солтүстік қалалық» қосалқы станциясы 1 секциясының апаттық ажыратылуы туралы ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты қаламыздың солтүстік бөлігінде электр энергиясын беру шектелді. 

«ПЭТК» АҚ Шығыс кәсіпорнының жөндеу бригадасы электр энергиясын беруді қалпына келтіру және оның ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізуде, – деді кәсіпорында.

Сағат 17:28-де тұтынушылардың көпшілігінде электр энергиясымен жабдықтау қалпына келтірілді. Н. Назарбаев даңғылы – Торайғыров – Лермонтов – Сұрағанов көшелері ауданындағы тұтынушыларға әлі де электр энергиясы берілмеді. Мамандар электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.