Павлодарлық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте білімдерін сынады
Зияткерлік ойынға қаланың алты колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында «Brain ring» зияткерлік ойыны өтті.
Ойынның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, ашықтық қағидаттары, этикалық стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктері саласындағы қатысушылардың білімін дамыту.
– Павлодар машина жасау, ИнЕУ жоғары, Павлодар технологиялық, жоғары Инновациялық көпсалалы, түсті металлургия Жоғары және Павлодар монтаж колледжінің командалары қатысты, – деді ұйымдастырушылар.
Іс-шара барысында өз еңбегімен, жігерімен және бастамашылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан жастар, сондай-ақ зияткерлік ойынға қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Республикалық Қоғамдық кеңесі атынан дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.