Павлодарда балалар Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысты

Павлодарда балалар Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысты
Суретті облыстық білім басқармасы ұсынды

Концерттік бағдарлама да қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қазақ елі» атты ауқымды іс-шара өтті.

Шара – жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыруға, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталды.

–  Күні бойы келушілер үшін ұлттық өнер көрмесі ұйымдастырылды. Онда халқымыздың дәстүрлі шығармашылығы, қолөнері мен мәдени құндылықтары көрсетілді, – дейді бейімдеп оқыту ісі бойынша басшының орынбасары Жақсыбек Ешімқұлов.

Шарада ұлттық киімдер дефилесі, сарай ішіндегі қызықты квест, домбырашылар оркестрінің орындауындағы ұлттық әуендер, концерттік бағдарлама қойылды.

Концерттің соңында «Жас ұлан» және  «Жас қыран» ұйымыдарының қатысуымен «Менің туым» флешмобы өтті.

Сондай-ақ, «Жас ұлан» ұйымының тарихы мен мемлекеттік рәміздерге қатысты викторина ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Оқушылар сарайында үш мыңға жуық оқушы «Білімпаз» эстетикалық дамыту және тәрбие беру, әдістемелік, техника мен ғылым, көркемдік және эстетика бөлімідерінде білім алады.