Павлодарлық спортшы Ташкенттен жүлдемен оралды
Халықаралық жарыстар Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Г.Г.Арзумановты еске алуға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметінше, жеңіл атлетикадан өткен турнирда Павлодар облысының спортшысы Ольга Сафронова 23.01 секунд нәтижесімен 200 метр жүгіруден бірінші орын алды.
– Спортшы әлемдік рейтингте құнды ұпай жинап, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін еселей түсті, – спорт мектебінде.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр еліміздің үздік спринтері Ольга Сафронова Астанада жабық алаңда өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 60 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Ол 10 жылдан астам ұлттық құрамада өнер көрсетіп келеді. 2014 жылы Жазғы Азия ойындарында топ жарды. Олимпиада, әлем чемпионаттарына қатысты.