Павлодарлық футболшылар елордалықтармен кездеседі

Павлодарлық футболшылар елордалықтармен кездеседі
Фото: Ольга Бугаева

Бұл ойын «Ертіс» футбол клубының кестеде бірінші орынға шығуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Республикалық екінші лига бойынша Астана қаласындағы «Sydykbek Arena-да» елордалық «Астана Ж» командасы мен «Ертіс» футбол клубы кездеседі. Ойын алтыншы тамыз күні сағат 17:00-де өтеді. 

Бұл ойын павлодарлық футболшылардың кестеде бірінші орынға шығуына себеп болуы мүмкін. Алайда астаналық жастар да аянып қалмасы анық. 

Айта кету керек, көрермендер үшін матчты тамашалау тегін. Ал тікелей эфирді QFL.KZ сайтынан қарауға болады. 

Еске сала кетейік, соңғы рет орталық стадионда өткен матчта ертістіктер «Оқжетпесті» ұтып, ойынды 2:0 есебімен аяқтаған еді.