Екібастұздық құтқарушылар шағын футболдан жеңімпаз атанды
Жарысқа сегіз команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласында ішкі істер органдарының ардагері Қанат Байысовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Турнирді ардагердің туыстары мен достары ұйымдастырды.
– Спорттық жарысқа 8 команда қатысты, олардың арасында Екібастұз қаласының ТЖБ командасы және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бекеті және МӨС – 6 жеке құрамы болды. Барлық командалар дене дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Қауіпті сәттер, қызықты пастар және әсерлі голдар көп болды. Жанкүйерлер ойыншыларды белсенді түрде қолдады, – деді ведомствода.
Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды және кубокты Екібастұз қаласы ТЖБ командасы, екінші орынды Павлодар қаласы полиция басқармасының командасы, үшінші орынды Екібастұз қаласы полиция басқармасының командасы иеленді.
Турнирдің үздік ойыншысы болып Ерсін Оқасов (Екібастұз қаласы ТЖБ), жарыстың үздік қақпашысы Қанағат Сәдуақасов (Павлодар қаласы ПБ), «Үздік қорғаушы» аталымына Асхат Сатыбалдинов (Екібастұз қаласы ПБ) ие болды.