Павлодарлық медиа өкілдері арнайы байқауға қатыса алады

Павлодарлық медиа өкілдері арнайы байқауға қатыса алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әр аталымда үш жеңімпаз анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады.

Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу, – деді «Медиа дамыту қорының» баспасөз қызметі.

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар келесі аталымдар бойынша қатыса алады:

  • үздік бейнеролик («Еңбек адамының бейнесі»);
  • үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету);
  • үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні);
  • үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат);
  • үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы).

Әрбір аталым бойынша үш жеңімпаз анықталады.

Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады.

Байқаудың барлық ережелерімен сілтеме арқылы танысуға болады.