Павлодар қала тұрғындары үшін ыңғайлырақ болады

Павлодар қала тұрғындары үшін ыңғайлырақ болады
Фото: Асия Серікова

Тек біраз күту керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығында Лермонтов көшесіне ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс барысымен танысты. «Envicon-a» бюросының сәулетшісі Борис Шнайдерман хабарлағандай, қайта құру аясында қасбеттік аймақтарда саябақ, сондай-ақ тұрғындарға жайлы орта құрылады.

Көше бойында он ойын алаңы, спорт алаңдары қарастырылған, вело инфрақұрылым қалыптасқан. Кедергісіз орта туралы да ұмытпаған. Жол қозғалысын оңтайландыру, яғни оң жақ өткелдер жасау, бағдаршам жүйесін қайта құру жоспарлануда. Алайда, жаяу жүргіншілер аймақтарына ерекше назар аударылды: Алматы урбанистері Лермонтов бойында саябақ құрғысы келеді, онда қала тұрғындарына серуендеуге ыңғайлы болады, арт-нысандар қарастырылған.

– Осындай жайлы қалалық ортаны құра отырып, жалпы алғанда, біз адамдарды көбірек серуендеуге, бір-бірімен араласуға, белсенді болуға шақырамыз, – дейді Борис Шнайдерман. – Мұның бәрі бизнесті дамытуға үлкен серпін беретініне сенімдіміз: бірінші қабаттарда мейрамханалар пайда болады, дүкендер жанданады, өйткені мұнда көп адам өтеді. Көгалдандыруға үлкен мән беріліп, 50 мыңнан астам көпжылдық гүл бұталары, 300-ден астам ағаш отырғызылады.

Өңір басшысы атап өткендей, Лермонтов көшесін жаңғырту іс жүзінде жаңа урбанистік басқару болып табылады. Ол сондай-ақ осы жобаның қауіпсіздігін атап өтті және жүргізушілердің сынына жауап берді.

– Кез-келген өзгерісте қолдаушылар да, қарсыластар да табылады. Бұл жерде Лермонтовта ресми түрде төрт жолақты қозғалыс бар екенін атап өткен жөн. Бұрын көліктердің үш жолақта жүруі бекітілген жоспарға сәйкес келмеді. Тиісінше, жолақтың ені трафиктің өзіне әсер етеді: жолақ неғұрлым тар болса, соғұрлым тыныштандыратын қозғалыс – жылдамдықтың жоғарылауы болмайды. Сонымен қатар, идея бойынша біз қаланы қауіпсіз етіп жасауымыз керек, – деді Павлодар облысының әкімі.

Жүріс бөлігі жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік аралдарымен жабдықталады. Қайта құрудың өзі мемлекеттік рәміздер алаңынан Логовая көшесіне дейінгі аумақты қамтиды, тиісінше бүкіл көше қайта жаңартылады. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков атап өткендей, жұмыстар 2025 жылдың қараша айында аяқталады.

Жаңарту жобасын әзірлеуші – Қазақстан урбанистері қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукенов өз тарапынан Қазақстанның оңтүстік астанасымен ұқсастықтар жүргізді. Ол Лермонтовтың болашақта қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеріп, жаяу жүргіншілерге қол жетімділікті жақсартатынына сенімді.