Павлодарлық немістердің «Возрождение» қоғамы мерейтойын атап өтті

Павлодарлық немістердің «Возрождение» қоғамы мерейтойын атап өтті
Фото Рустэма Ануарбекова

Биыл этномәдени бірлестіктің құрылғанына 35 жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл оқиғаға орай бірнеше тақырыптық шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі «Павлодардағы неміс мәдениетінің күні: тарих пен қазіргі заманның бірлігі» атты конференциясы «Достық үйінде» өтті. Келушілер мерейтойға орайластырылған фотосуреттер мен тарихи құжаттар көрмесі қойылды. Шараны облыстық мұрағат мамандары әзірледі. Мәселен, Аққулы ауданына 1941 жылы келген немістердің тізімін көруге болады.

Конференция қатысушылары неміс қауымдастығының ел дамуына қосқан үлесі, олардың бірегей тарихы мен мәдениетін сақтау мәселелерін талқылады. 1990 жылы құрылғаннан бері қоғам өңірдің мәдени және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысып, неміс халқының тілін, дәстүрін сақтауға атсалысты

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Возрождение» қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт қатысты.

Павлодардағы ұйымының терең тарихы бар. Белсенділер қауымдастық үшін ғана емес, ел үшін маңызды есімдермен танымал, деді Евгений Больгерт. Бұл Қазақстандағы ең ұйымшыл әрі белсенді неміс қауымдастықтарының бірі. Кездесудің «Достық үйінде» өтуі кездейсоқ емес, себебі павлодарлықтар елдегі бейбітшілік, келісім мен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосып келеді.

Облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченконың айтуынша, «Возрождение» қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алуантүрліліктегі бірлік» басты қағидасы көрініс табады. Неміс қоғамы әрдайым жергілікті билік пен депутаттық корпус тарапынан қолдау алып келеді.

Павлодар Ертіс өңіріндегі немістердің тарихи ретроспективасын тарих ғылымдарының докторы, IT University Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Сәуле Мамытова ұсынды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы аясында депортация трагедиясын бастан өткерген адамдармен кездескенін айтты.

Олар аштық, кемсіту сияқты қиын жағдайларды бастан кешірсе де, адамгершілігін жоғалтпады. Қазақ халқы сол заманның тілкегін сезінсе де, өзгелермен соңғы нанын бөлісті. Немістерге сөзбен де, іспен қолдау көрсетті, деді профессор.

«Возрождение» мен облыстық мемлекеттік мұрағат арасындағы достық, өңірдегі немістер тарихына қатысты зерттеу жобалары туралы Павлодар облыстық мұрағаты директорының орынбасары Надежда Кубик баяндады.

Конференция қатысушыларын мерейтоймен «Возрождение» төрағасы Владимир Шек құттықтады. Ол Қазақстанға алғысын білдіріп, жер аударылған этностарды, соның ішінде немістерді қабылдап, өз мәдениетін, дәстүрін, тілін сақтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Мерейтойлық бағдарлама шеберлік сабақтар мен «Уақыт. Халық. Тағдыр» атты мерекелік концертке ұласты.