Павлодарлық дәрігерлер ардагерлердің денсаулығын тексерді

Павлодарлық дәрігерлер ардагерлердің денсаулығын тексерді
Фото: Дариға Әбішова

Облыста олардың жетеуі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ардагерлерге денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышева мен «Данель» емдеу мекемесінің бас дәрігері Ирина Денисова кіріп шықты. Олар ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

– Алғашқылардың бірі болып Николай Поддубныйға кіріп шықтық. Биыл ол 100 жасқа толады. Ол соғыс басталғалы екі жыл әскери зауытта снаряд қайрады. Николай Григорьевич танк училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберілді, – дейді олар.

7 мамырда Николай Ступка 97 жасқа толады. 1944 жылы әскерге шақырылып, Жапониямен соғысқа қатысқан.

Анатолий Малаховқа да бардық. 1943 жылы 17 жасында әскер қатарына шақырылып, 1947 жылы әскерден қайтарылды.

Соғыстан кейінгі жылдары ардагерлер мал шаруашылығында, егіншілікте, өнеркәсіпте еңбек етті.

– Сіз біздің қазіргі жастарға үлгі боласыз. Кез келген адам мұндай жасқа дейін өмір сүрдім деп мақтана алмайды. Сіз соғыстың ауыр сынақтарынан өттіңіз. Басымыздағы ашық аспан – сіздің еңбегіңіз. Ерліктеріңіз үшін көп рахмет, – деді Айгүл Мұқышева мен Ирина Денисова майдангерлерге.

Олар ардагерлердің өмір жолын еліктеудің, адалдықтың үлгісі деп атады.