Павлодарлық полицейлер аязда жазғы аяқ киіммен жүрген ақсақалға көмек етті

Павлодарлық полицейлер аязда жазғы аяқ киіммен жүрген ақсақалға көмек етті
Фото: Константин Шелков

Ол көшелерде адасып жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына аға лейтенант Ерсін Қайырбеков пен капитан Дамир Мұқатаевтан тұратын автопатруль экипажына алғыс сөздері келіп түсті.

– 12 қаңтарда таңғы сағат 05:30-да Градус дүкенінің жанында  маған ақсақал жақындап, өзінің адасып кеткенін айтты. Мен бірден полиция қызметкерлерін шақырдым. Олар жедел келіп, оған көмек көрсетті. Жарайсыңдар! Сіздерге қиын жұмыста сәттілік тілеймін, – деп жазды әлеуметтік желі қолданушы Александр.

Оның сөзінше, ақсақал аязда жазғы аяқ киіммен далаға шығып кеткен. Ол ештеңе дұрыс түсіндіре алмағандықтан, өзінің мекенжайын айта алмады. Полицейлер зейнеткердің мекенжайын анықтап, оны үйіне жеткізді.