Екібастұз-Павлодар тас жолында бірнеше адам зардап шекті

Екібастұз-Павлодар тас жолында бірнеше адам зардап шекті
Фото: tipavlo.dar

Олар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда-Павлодар автожолында «Toyota Camry» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қисық сызықты жолақ түріндегі кедергіге соғылып, кюветке аударылған.

– Қоңырау таңғы сағат 8:00 шамасында түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығы барды. Зардап шеккендердің саны төртеу – 1981 жылы туған әйел және 19 жасар қыз, 13 жасар ұл және алты жасар қыз. Барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.  

Қазіргі таңда аталмыш жағдай бойынша тексеру жүргізілуде.