Павлодарда 400-ге жуық адам әлеуметтік баспанаға ие болады
Кезекте тұрғандарға үйлердің кілттері биылғы жылдың көктем айында табысталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың басында 5 санат бойынша әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекке 26796 адам тіркелді.
– Өткен жылы бұл көрсеткіш 1611 адамға дейін азайтылды. Былтырғы жылы жалпы ауданы 102 мың шаршы метр болатын 1611 пәтерлік 14 тұрғын үй салынды. Осы мақсаттарға бюджеттен 19,7 млрд теңге бөлінді. Жалпы 2023 жылы облыста барлығы 494 мың шаршы метр пайдалануға берілді, – делінген хабарламада.
Ескі үйлердің орнына 42 заманауи көппәтерлі тұрғын үй салынды, онда қазір 3,5 мыннан астам отбасы тұрады.
– Біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – кезекте тұрған халықты әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету. Биылғы жылдан бастап облыс аудандарында да әлеуметтік тұрғын үй салуды көздедік, – деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Өткен жылдың желтоқсан айында «Аллюминистрой» шағын ауданының 217 қоныс аударған отбасыларына жаңа пәтерлердің кілті табысталды.