Павлодарда робототехникадан ұлттық чемпионатқа қатысу үшін іріктеу басталды

Павлодарда робототехникадан ұлттық чемпионатқа қатысу үшін іріктеу басталды
Фото:pixabay.com

Байқаудың өңірлік кезеңі ақпанда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, FIRST® Kazakhstan 2024 (FIRST IN SHOW 2023-2024 маусым) робототехника бойынша ұлттық чемпионатқа қатысу үшін өтінімдер 29 қаңтарға дейін citdopvl@yandex.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

1 ақпанда жастар бастамаларын дамыту орталығында байқаудың өңірлік іріктеу кезеңі өтеді. 

Ол екі санат бойынша ұйымдастырылады:

  • LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін, 2-ден 4 мүшеге дейін команда);
  • LEGO League Challenge (10 жастан 16 жасқа дейін, 2-ден 8 мүшеге дейін команда).

Чемпионаттың мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, цифрлық технологияларды қолдану арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуге, креативті ойлау мен инновациялық шешу жолдарын, оқушылардың робототехника және сенсорика саласында техникалық құрастыруға және бағдарламалауға деген ынтасын арттыру.

Қазақстан Республикасының атынан қатысушы ретінде жинақталған құрама  2024 жылдың 19-22 сәуірі аралығында АҚШ-ның Хьюстон қаласында өтетін Дүниежүзілік қорытынды финалға қатысады.